• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Шілде, 2024

Дельтаплан апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

131 рет
көрсетілді

Жетісу өңірінің дәрігерлері Алакөлде дельтаплан апатынан зардап шеккендердің жағдайына баға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

25 шілде күні сағат 18:10-да зардап шеккендер жедел жәрдем көлігімен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген болатын.

«Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, олар анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Шокқа қарсы терапия және толық клиникалық диагностикалық аспаптық зерттеулер жүргізіледі. Ауруханада науқастарды емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмек бар. Жағдай бақылауда», деп хабарлады Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Талдықорғаннан нейрохирург пен травматолог маманы жіберілгені атап өтілді.

Бұған дейін Жетісу өңірінде адамдар мінген дельтаплан Алакөл көлінде суға құлап кеткенін хабарлаған едік. Екі адам зардап шекті.