Францияда Олимпиада қалашығында Самоа құрамасының бокс бапкері жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 шілде күні 60 жастағы Лиональ Элика Фатупайтоның денсаулығы кенет нашарлап, ақырында жүрек талмасы ұстады. Дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Париж-2024 ойындарында Самоа құрамасы сапынан бір ғана боксшы Ато Плодзицки (81 келі) жұдырықтасады.