Атырау және Ақтөбе облыстарының экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды таратқан Атырау облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тінту барысында 18-жастағы тұрғыннан түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра және тағы басқа заттар тәркіленген.
«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты экстремизм немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның қызметін ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.