Абай облысындағы Ертіс өзенінде белгіленген сызықты ескермей, шомылуға тыйым салынған жерге өтіп кеткен ер адам құтқарылды, деп жазады Egemen.kz.
Ер адам белгіленген сызықты кесіп өткеннен кейін, оны ағыс алып кеткені анықталды.
Облыстық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Константин Ульянов пен Архат Тілеуберлинов суға батып жатқан адамды байқап, жағаға жеткізіп, оған жедел көмек көрсеткен.
Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмаған.