• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 30 Шілде, 2024

Бұлжымайтын заңдылық

52 рет
көрсетілді

Әр Олимпиаданың ашылу салтанаты Грекия елінің делегациясымен бас­талады. Өйткені Олимпиада ота­ны – Эллада елі. Ал шеру сайы­с өтіп жатқан мемлекеттің делегациясымен аяқталады. Бұл – ешқашан өзгермейтін қағида.

ХІХ ғасырдың орта тұсында Грекияда Олимпия ойындарын қайта жандандыру мақсатында біраз әрекет жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпыұлттық оқиғаға айналды. 1890 жылы Олимпиадалық қозғалыстың белсенді қайраткері Пьер де Кубертен спорт сайысының заманауи үлгіде ұйымдастырылуына үлкен септігін тигізеді. Осылайша, алғашқы Олимпиада ойындары Грекияның Афины қаласында өткен еді.