• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Шілде, 2024

«Аю жүр»: ШҚО тұрғындары дабыл қақты

154 рет
көрсетілді

Зират маңында аюдың төлін тұрғындардың кейбірі өз көзімен көрген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аюлар Серебрянск қаласынан 5 шақырым жерде зират маңынан байқалған. Қала әкімі Нұргүл Бақынова бұл туралы ШҚО аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету отрядына ресми хат жіберіп, орман аңын ұстау және тұрғындарға қауіп төндірмеу мақсатында көмек сұраған. 

ustinka.kz жазуынша кейбір тұрғындар зиратта аю күшігімен бетпе-бет ұшырасқан. Аю күшігі қауіпті саналмайды, алайда қабір қазушылар қалың шөп арасында аюдың ырылын естіген.

«Адамдар табиғатта азық-түлік қалдықтарын қалдырады. Олар соған келеді. Таяуда Батыс Алтай қорығынан келдім. Онда да сондай жағдай. Ресейде де адамдарды аюлар қатты алаңдатады. Олар көбейіп кетті. Бірақ оларды атып тастамайды. Ұстап алып, ұйықтатып, басқа жерге орналастырады. Аюлар барлық жерде жүреді. Бұл олардың аумағы, олардың мекені», дейді биология ғылымдарының кандидаты, Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасының профессоры Константин Прокопов.