• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:30

Түркістандық тұрғын ауласында есірткі өсірген

31 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Сайрам ауданында жергілікті тұрғын өз ауласында сора өсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді сақтаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

«Жедел уәкілдер оның үйіне тінту жүргізу барысында үйінің алдына егілген 281 есірткіге ұқсас өсімдікті тауып, тәркіледі», делінген Polisia.kz хабарламасында.

Табылған затқа сараптама тағайындалып, оның сора екені анықталды. Қазір ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.