• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Шілде, 2024

«Парижге тек алтын алуға бардым»: Елдос Сметов жанкүйерлеріне алғыс айтты

211 рет
көрсетілді

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген дзюдошы Елдос Сметов отбасына, жерлестері мен бапкеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен - Олимпиада чемпионымын! Өзімнің медаль жиынтығыма тек осы бір медаль жетпей тұрды. Бұл медальді осыған дейін екі рет екі жағынан көріп кеттім. Қол созым жерде қалдырдым. Міне, енді Олимпиаданың алтыны - менікі. Парижге тек алтын алуға барған едім. Арманым орындалды. Шүкір, бақыттымын! Қанша күннен бері мені құттықтап, жылы лебіздеріңізді, сый-құрметтеріңізді арнап жатқандарыңызды көріп отырмын. Баршаңызға Алла разы болсын! Көп рахмет! Сіздердің қолдауларыңыз, қазақ халқының қолдауы мен үшін қашанда ыстық және әлемнің қай бұрышында күрессем де мен оны сеземін. Бұл - қазақ спортынының, қазақ дзюдосының көптен күткен тарихи алтыны», деп жазды Елдос Сметов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарының «алтыны» қазақ спорты мен қазақ дзюдосы үшін көптен күткен тарихи оқиға екенін атап өтті.

«Қажырлы еңбек, арманға деген адалдық, мақсатқа деген батыл қадамдар, жарақатқа төтеп беру, талап, дисциплина мені осы шыңды бағындыруға беттеді. Біздің Олимпиада жолымыз үш бөлімнен тұратын ұзақ сапар болды. Осы уақыт аралығында маған қолдау көрсеткен, жігерімді жаншымай үнемі жанымнан табылған, сенген, демеген әуелі ата-анама, отбасы-бауырларыма, асыл жарыма, балаларыма шексіз рахметімді айтамын. Әрине, жеке бапкерім, екінші әкем Ғалымжан ағайдың еңбегін сипаттауға сөз жетпейді. Кәсіби спортшыларды қолдап отырған мемлекетімізге, Қазақстан дзюдо федерациясына және «Динамо» ұжымына, өзімнің Jenys клубыма ризашылығымды жеткізгім келеді», деп түйіндеді Олимпиада чемпионы.