• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 31 Шілде, 2024

Зағип альпинист

769 рет
көрсетілді

Америкалық Эрик Вайхенмайер көз торының туа біткен ақауына қара­мастан, Эверест шыңын бағын­дыр­ған азамат. Ол осылайша, мүм­кіндігі шектеулі адамдардың өзі көп нәрсе тындыра алатынын дәлелдеді.

Эрик бала кезінде зағиптығын мо­йын­дамай, Брайль жазуын үйренуден бас тар­тыпты. Намысын қайрап, жастайы­нан спортты өміріне серік етеді. Қанша мәрте сүрінсе де жігері жасымайды. Нәтижесін­де, 2001 жылы Гималайдың шырқау шыңы­на шығып, әлем жұртшылығының таңда­­йын қақтырады. 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде өткен Паралимпиада ойындарының эстафетасында алау жағу құрметіне ие бола­­ды. «Өмірде кез келген адамды құлдырата­тын кедергілер кездеседі. Бірақ біз оларды же­ңіп, бақытты өмір сүре аламыз», дейді Э.Вайхенмайер.