• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ең қысқа әңгіме 31 Шілде, 2024

Бес айға созылған бәсеке

60 рет
көрсетілді

Әр Олимпия ойынының өзін­дік ерек­шелігі бар. Әдетте төрт­жыл­дықтың басты бәсекесінде үздік­терді бір ай уақыт көлемінде анық­тайды. Ал 1900 жылы Фран­ция­ның бас шаһарында өткен сайыс бес жарым айға созылған.

Өйткені бұл бәсеке Дү­ние­жү­зілік көр­ме аясын­да өткен еді. II Жазғы Олим­пия ойындары 1900 жылы 14 мамырда бас­талып, 28 қазан­да аяқталған. Дәл осы спорт сайысында 24 елден келген 997 спорт­шы 95 медальды өзара сарапқа салды. Со­нымен қатар 1900 жылы өткен бұл бәсеке әйелдер қа­тысқан алғашқы олимпиа­да болуымен де ерекшеленеді.