Бүгін Париж рингіне бокстан ерлер құрамасынан 57 келіде Махмұд Сабырхан мен әйелдер сапынан Валентина Хальзова көтеріледі, деп жазады Egemen.kz.
Екі отандасымыз да Олмпиададағы алғашқы кездесуін өткізбек.
Бүгін сағат 14:16-да Махмұд Сабырхан испаниялық Хосе Бротонсқа қарсы жұдырықтасады. Жекпе-жекті Qazaqstan ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ал 75 келіде Валентина Хальзова панамалық Атейна Билонға қарсы бақ сынайды. Бұл кездесуді 00:36-да Qazsport арнасынан тікелей эфирде көруге болады.