• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Шілде, 2024

Парижде үш полицеймен төбелескен жаттықтырушы қамауға алынды

60 рет
көрсетілді

Париж тәртіп сақшылары 33 жастағы Франция азаматын қамауға алды. Анықталғандай, ескек есуден жаттықтырушы Гийом Бергер қала көшелерінде үш полицеймен төбелес шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Le Parisien басылымының хабарлауынша, байдарка мен каноэде есу жаттықтырушысы 30 шілдеге қараған түні қоғамдық орында полицияға қарсылық көрсеткені үшін қамауға алынған.

Сондай-ақ айыпталушы қашып кетпек болған кезде құқық қорғау органдарының үш қызметкеріне бірнеше рет соққы жасағаны белгілі болды.

Тұтқындау кезінде полицейлер Гийом Бергерге электрошокер құралын пайдаланған. Прокурорлар полицейлерге қарсылық көрсеткені және қасақана дене жарақатын салғаны үшін тергеу әрекеттерін бастап кеткені белгілі болды.