Париж Олимпиадасында триатлоннан сынға түскен Қазақстан атлеті Екатерина Шабалина жарысты ерте аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық құрама спортшысы Сена өзенін жүзіп өтіп, велосипедпен 3 шақырымдай жүрген соң сайыстан шығып қалды. Ол осы уақытта 32-сатыда келе жатқан.
Бұл сында әйелдер арасында бас-аяғы 55 триатлоншы сынға түсті.
Paris 2024|Kazakstan team телеграм арнасы сайыс кезінде Парижде жаңбыр жауып, веложарыста бірнеше атлет құлап қалғанын мәлімдеді.