• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 19:24

Париж-2024: Кирилл Герасименко ширек финалда сүрінді

20 рет
көрсетілді

Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының ширек финалында қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Олимпиаданың ширек финалында Герасименко Мысыр өкілі Омар Ассармен күш сынасты. 

Алғашқы екі сетте Герасименко 11:8, 11:6 есебімен қарсыласын оңай жеңген. Үшінші кезеңді мысырлық теннисші озып кеткен. Бірақ отандасымыз есеп айырмасын қысқарта алды. Алайда, сол сетте жеңіс 12:10 есебімен қарсылас еншісінде қалды.

Мысырлық спортшы кейін де белсенділік танытып, 12:10 және 11:9 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, 3:2 есебімен жалпы есепте алға шықты. 

Шешуші сетте Герасименко таразы басын теңестіре алмады. Ақыры қарсылас тарап 4:2 есебімен жеңіске жетті.