АҚШ-та алғаш рет адам баласына темірден жасалған жүрек сәтті орнатылды. Бұл жүрекпен науқас толыққанды өмір сүріп, тіпті спортпен шұғылдана алады.
Техас жүрек институты (THI) және BiVACOR медициналық құрылғылар компаниясының айтуынша, бұл құрылғының істен шығу қаупі төмен. Көлемі кішірек және көп адамға сәйкес келеді. Дәл осы темір жүрек минутына 12 литрге дейін қан айдай алады.