Атбасар қаласының тұрғыны Эльза Панаева қазақ тілін қашан меңгергені есінде жоқ. Бес тілді жетік білгенімен, қазақтың тілі де, салт-дәстүрін де бойына сіңірген арудың көпке үлгі болары анық, деп жазады Egemen.kz.
Жоғары оқу орнында араб, ағылшын тілінде білім алған Эльзаға қазақ даласының қай пұшпағы болса да ыстық көрінеді. Сонымен қатар ару осы мекенде қоныстап, дәм татып жүргеннен кейін тіліне құрмет көрсетіп, оны білу парыз деп санайды.
Бүгінде ағылшын тілінен сабақ беретін Эльза Панаева оқушыларына қазақ тілін меңгерту үшін күн, ай, жыл аттарын жаттатып, амандасуды үйреткен. Тіпті, арудың туған жерінен келген туыстары да «маған қазақтың асын дайындаңдар, сондай сағынып келдім» деп перзенттік пейілмен құрмет көрсетеді екен.
Тілшіміз қазақ тіліне ерекше құрметпен қараған арудың осы бір жетістігін өзгеге үлгі қылу үшін əйгілеуге ниет еткен. Толығырақ автор Байқал Байәділдің Бес тілді меңгерген ару атты мақаласынан оқи аласыздар.