Париж Олимпиадасының алғашқы күнінде ел қоржынына алтын медаль салған дзюдошы Елдос Сметов спорттағы мансабы аяқталуға жақын екенін айтты, деп жазады Egemen.kz «Хабар» арнасына сілтеме жасап.
60 келіде үш Олимпиадада жүлде олжалаған Елдос Сметов отбасына берген уәдесін орындағанын айтты.
«Бұл менің соңғы Олимпиадам екенін білдім. Бұл соңғы ойындар... Менің спорттағы карьерам аяқталуға жақын. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Ата-анама, отбасыма, балаларыма жеңіспен ораламын деп уәде бергенмін», деді Олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, Елдос Сметов осы жылдың 9 қыркүйегінде 32 жасқа толады.