• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 16:40

Оралда әйелді қорлап өлтірген күдікті ұсталды

14 рет
көрсетілді

31 шілдеде Оралдағы жеке үйлердің бірінде зорлықпен өлім белгілері бар 1957 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, қылмыс болған жерді мұқият тексеру кезінде сот-медициналық сараптаманың маманы айғақтарды тауып, тәркілеген. Олар сот-медициналық сараптама материалдарын қолдану арқылы тексергенде дерекқорда бар адамның деректерімен сәйкел келетін адамды анықтаған.

«Ол марқұмның қасында тұратын Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», деді ведомство өкілдері.