Технология дәуірі дегеніміз осы. Қытайлық дәрігер 5 000 шақырым қашықтықтағы науқастың өкпесіндегі ісікті алып тастады.
Хирург роботты Шанхайдағы кабинетінде отырып басқарған, ал науқастың өзі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қашқар қаласындағы операция бөлмесінде болған. Жергілікті ауруханада қажетті біліктілігі бар хирургтер болмағандықтан, олар қытайлық «MedBot» компаниясы жасаған хирургиялық құлтемірді қолдануды ұйғарды. Операция жасаған жетекші хирург Луо Цинцюанның айтуынша, ол 5G байланысын қолданудың арқасында 5 мың шақырым қашықтықта орналасқан роботты басқару кезінде ешқандай кідіріс сезінбегенін атап өтті. Нәтижесінде, операция сәтті аяқталған.