Қытайдың Хафэй округінде тұрғындарға әуе таксиі қызмет көрсете бастады.
Аталған көлік қызметі бір уақытта бес адамды тасымалдай алады. Жоба авторларының айтуынша, такси экологиялық жағынан таза, ауаны ластамайды. Тағы бір ерекшелігі, ол кез келген алаңға ұшып-қона алады. Айта кетейік, Қытай – жолаушыларға ресми түрде әуе таксиі қызметін ұсынып отырған алғашқы ел. Бұған дейін бірқатар елде тек ұшу сынақтары ғана жүргізілген еді.