• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 20:01

Ертең грант иегерлерінің тізімі жарияланады

30 рет
көрсетілді

Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Грант иегерлерінің тізімі 3 тамыз күні, сағат 11: 00-де жарияланады.

«Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін! Ары қарай талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде білім беру гранттары тағайындалатын болады.

Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарға түсті», деп жазды министр.

Талапкерлер арасындағы грант иегерлерін анықтайтын комиссия құрамында Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеген.

Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында жарияланады.

Ал жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау 25 тамызда аяқталады.