• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:28

Өскемен қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезді

8 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

2 шілде күні сағат 23:15–те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 859 шақырым жерде орналасқан.

Бұл — Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылынан 70 шақырым қашықтықта.

Жерасты дүмпулерді Өскемен қаласының тұрғындары сезді.

Қуаты — 2-3 балл.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінген кезде құлаған ауыр жиһаздардан сақ болу керектігін ескертті.

«Балконға жүгірмеңіз, терезелер мен ауыр заттардан алыс тұрыңыз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса ғимараттан шықпаңыз, дүмпулердің аяқталуын күтіңіз. Лифтті пайдаланбаңыз. Егер көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр желіcі жанынан аулақ болыңыз, себебі электр сымдарының үзілу қаупі бар», — делінген ТЖД ақпаратында.