• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2024

Теміртауда алты жасар бала үшінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

68 рет
көрсетілді

Алты жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлады , деп хабарлайды Egemen.kz.

Ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін 2018 жылы туған. Ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!

Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!

Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!

Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!