• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Тамыз, 2024

Есірткі тасымалдаған күдікті көлігін өртеп жібермек болған

92 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушылар қылмысын жасыру үшін  көлікті өртеп жібермек болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы-Екатеринбург» тас жолында «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, патрульдік полиция қызметкерлері кинологтармен бірге Lexus ES 350 көлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде жолаушы көлікке бензин шашып, өртеп жібермек болған. Алайда өртті полиция қызметкерлері дер кезінде сөндіріп үлгерген.

«Аталған көлікті Лэтти атты қызметтік-іздестіру итімен тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды», деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.

Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.