• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Тамыз, 2024

Алматыда емхана есепшілері ірі көлемде ақша жымқырған

113 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты №30 қалалық емхананың бас есепшісі Х. пен есепшісі Т-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай, бас бухгалтер мен есепші, 2019 жылдың маусымнан 2023 жылдың қараша айына дейін жұмыс істемейтін адамдардың есепшоттарына жалақы мен үстемелерді аударып отырған. Осылайша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 340 387 113 теңгеге бағаланды.

Сот үкімімен бас есепші мен есепші кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ 5 жылға дейін материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.