• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Президент 05 Тамыз, 2024

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

159 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.