«Қазақстан халқына» ҚҚ 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтағы 850 талапкер жоғары білім ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, білім беру гранттары жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыратын жоғары оқу орындарының тізбесіне енгізілген жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысанындағы бакалавриат бағдарламасы бойынша беріледі.
Өтініш берушілер төмендегі талаптар бойынша іріктелінеді:
ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан; жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар; мүгедектігі бар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан; 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары; 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.