• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2024

Нұра топтық су құбырын жөндеу жұмысы аяқталды

96 рет
көрсетілді

Ақмола облысында қайта жаңартылып жатқан Нұра топтық су құбырының 68,7 шақырым бөлігінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, бүгінде жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша Ұзынкөл, Буревестник, Полтавское және Егіндікөл ауылдарын жаңа су торабына қосу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жақын арада бұл жұмыстар аяқталады. Осыған дейін топтық су құбырына Жантеке және Тоғанас ауылдары қосылған еді.

Сонымен қатар одан кейін су құбырының Ұзынкөл ауылынан Егіндікөл ауылына дейінгі бөлігін аяқтап, қолданысқа беру жоспарланған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұра топтық су құбырының бас құрылыстарынан ұзындығы 36 шақырым болатын Ұзынкөл ауылына дейінгі учаскеде су беріле бастаған еді.

«Жобалау-сметалық құжаттамаға сай су құбырының негізгі бөлігін төсеу жұмыстары аяқталды. Нұра топтық су құбырын реконструкциялау ерекше бақылауға алынды. Су шаруашылығы комитетінің мамандары үнемі құрылыс алаңына барып, жұмыстардың орындалуын қадағалайды. Биыл 1,4 млн тұрғынды ауыз сумен қамту сапасын жақсарту үшін топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 30 жоба іске асырылып жатыр», деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.