Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтан басым түсті, деп жазады Egemen.kz.
Тартысты өткен балуандар айқасында Демеу Жадыраев қырғыздың атақты балуанын жарыс жолынан шығарды. Белдесу нәтижесінде отандасымыздың пайдасына 3:1 есебі тіркелді.
Финал жолдамасын Демеу Әзербайжан өкілі Санан Сулейманов Золтан Леваи (Мажарстан) екеуінің біреуімен сарапқа салады.
Демеу Жадыраев қырғызстандық қарсыласын төрттағаннан көтеріп алып, айналдыра лақтырды.