• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 07 Тамыз, 2024

Ислам Байрамуков жаңа қызметке тағайындалды

112 рет
көрсетілді

Министрдің бұйрығымен Ислам Ілиясұлы Байрамуков спорт жөніндегі Омбудсмен - Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ислам Байрамуков 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Каменка ауылында дүниеге келген.

Еске сала кетейік, Ислам Байрамуков еркін күрестен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, сондай-ақ екі дүркін Азия кубогінің иегері. 

2000 жылы Азия чемпионы, екі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.

Жұмыс тәжірибесі:

1986 жылдан 1989 жылға дейін Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Алматы олимпиадалық резерв училищесінде спорт жаттықтырушысы; 1989 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институты. Спорт жаттықтырушысы-оқытушы; 1993 жылдан 2004 жылғы дейін еркін күрестен Қазақстан Республикасының штаттық құрама спортшысы; 2007 жылдан 2009 жылға дейін еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы;

Қоғамдық қызметі: 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында. ҚР қарашай және балқар қауымдастығы төрағасының орынбасары. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жастар қанатының төрағасы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы «Парасат» орденімен марапатталған, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері.