• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Тамыз, 2024

Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген - Назым Қызайбай

140 рет
көрсетілді

Париж Олимпиадасының жартылай финалында қытайлық Ву Юге есе жіберген Назым Қызайбай жеңісін қолдау білдірген көпшілікке арнайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік. Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді. Алайда қытай қызы жекпе жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде «қолаға жеттің, енді алтын алу керек» деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей. Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рақмет айтамын!Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын», деді Н.Қызайбай.

Еске салайық, Ұлттық құрама боксшысы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы қытайлық Ву Юдан жеңіліп қалды. Осылайша ол Олимпиаданың қола жүлдесін місе тұтты.