• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2024

Бұршақтан 4 ұшақ зақымданған. Air Astana ұшу кестесіне байланысты мәлімдеме жасады

65 рет
көрсетілді

Астанада 8 тамызда дауыл тұрып, бұршақ жауды. Қолайсыз ауа райынан Air Astana әуекомпаниясына тиесілі 4 ұшақ зақымданған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазір әуекомпания инженерлері зақымданған ұшақтарды тексеріп, жөндеп жатыр. Ал жөндеу жұмыстары бірнеше күнге созылмақ. Осыған байланысты Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұраймыз», делінген Air Astana таратқан хабарламада.