• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары Бүгін, 19:30

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына 30 күн қалды

9 рет
көрсетілді

2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының спорттық бағдарламасы аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.

Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары бар.

Тікелей Астанада «Көшпелілер әлемі» этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қатысушы елдердің өзіндік мәдениетімен таныса алады.

Күн сайын этноауылға елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы бара алады. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары «Ұлы Дала дүбірі» ұранымен өтеді.

Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары аясында 9-11 қыркүйекте Ұлттық музейде «Көшпелілер: тарих, білім, сабақтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция «Тарих және мәдениет», «Спорт ғылымы» және «Орталық Азия көшпелілерінің тамақтануы» секцияларынан тұрады.