Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін еркін күрестен ел намысын Әлішер Ерғали қорғады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
97 келі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен күресіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Әлішер үшін бұл екінші Олимпиада ойындары.
Естеріңізге сала кетейік, кеше еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуінде польшалық Роберт Баранға 4:1 есебімен есе жіберген болатын.
Ал одан 86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде АҚШ балуаны Аорон Брукске 3:4 есебімен есе жіберсе, 57 келі салмақта Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуде қырғыз балуаны Бекзат Алмазуулынан 1:4 есебімен ұтылды.