2024 жылдың шілдесі 2022 жылғы сәуірінен бері тұрғын үй мәмілелерінің саны бойынша ең жоғары көрсеткіш тіркелген ай болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша тіркелген мәмілелер саны 40 099 құрады.
Мәмілелер саны бойынша көшбасшылар:
Алматы – 7 091 (17,7%);Астана – 6 843 (17,1%);Қарағанды облысы – 3 208 (8%).
Мәмілелер саны:
пәтерлер бойынша – 30 973;жеке үйлер бойынша – 9 126.
Бұл ретте тұрғын үй нарығындағы шілдедегі баға өсімі келесідей:
Жаңа тұрғын үй – 2,4% (бір жылда), 0,1% (бір айда);Қолданыстағы тұрғын үй – 3,2% (бір жылда), 0,4% (бір айда);Жалға алу – 5,2% (бір жылда), 1,8% (бір айда).