• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
ANTIKOR Бүгін, 10:43

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қайтарған мүлкі жарияланды

16 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қайтарған активтерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Қ. Сатыбалдыұлына қатысты «Қазақтелеком» АҚ, «Көлік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату), сондай-ақ оның бақылауындағы компанияның кедендік баждарды төлеуден жалтару фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеді.

Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, келітірілген залалды толық өтегені анықталды. 

«2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қ. Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардан мемлекетке заңсыз сатып алынған 732,8 млрд теңге немесе 1,6 млрд АҚШ долларынан астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылды. Оның ішінде 661,5 млн АҚШ доллары шетелден табылды, олар қысқа мерзімде Қазақстанға қайтарылған. Қ. Сатыбалдыұлымен белсенді ынтымақтастық нәтижесінде Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркия және т. б. елдерден қайтарылды», делінген агенттік хабарламасында. 

Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қайтарылған активтердің жалпы сомасы 732,8 млрд теңгені құраған. 1. «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 28,8% - 93,8 млрд тг. 2. «КСО» АҚ – 30,2 млрд тг. 3. 4 компаниядағы қатысу үлесі – 10,3 млрд тг. 4. Қазақстандағы мүліктік активтер – 158,5 млрд тг. 5. Эксклюзивті зергерлік бұйымдар – 105,39 млрд тг. (230 млн.$) 6. Қазақстандық шоттардағы ақша – 36,8 млрд тг. 7. Австриядан келген ақша – 36,8 млрд тг. (82,1 млн.$) 8. Лихтенштейннен түскен ақша – 116,7 млрд тг. (260,5 млн.$) 9. БАӘ-ден келген ақша – 6,3 млрд тг. (14 млн.$); 10. Түркиядан келген ақша – 2,2 млрд тг. (4,92 млн.$); 11. Бағалы қағаздарды сату – 135,8 млрд тг. (300 млн доллар).

Сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында мемлекетке берілген әкімшілік ғимараттардың жалпы ауданы 180 мың шаршы метрден асады. Бұрын бұл активтер жалға беріліп, жыл сайын меншік иесіне миллиардтаған табыс әкелген, оны қазір мемлекет алушы болды.Қайтарылған люкс нысандарының бірі – Ақмола облысының Барап ауылында жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр жер учаскесі. Ал 135 гектарлық Қ. Сатыбалдыұлының бұрынғы резиденциясы Астана қаласының Білім басқармасына берілген.Агенттік бұл қаражаттар мемлекетке қайтарылып, әлеуметтік мақсаттарда пайдалануға бағытталатынын мәлімдеді.