• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Тамыз, 2024

Украина энергетика министрінің орынбасары пара алу кезінде ұсталды

75 рет
көрсетілді

Украина энергетика министрінің орынбасары жарты миллион доллар пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Украина Қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, энергетика министрі «ірі көлемді жемқорлық схемасын» әшкерелеуге көмектескен.

«Украинаның Қауіпсіздік қызметі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Украина Энергетика министрінің көмегімен оның орынбасары ұйымдастырған ауқымды сыбайлас жемқорлық схемасын әшкереледі. Нәтижесінде министрлік басшысының орынбасары Киевте жарты миллион доллар парамен ұсталды», делінген Украина Қауіпсіздік қызметінің ресми мәлімдемесінде.

Сондай-ақ вице-министрдің үш сыбайласының ұсталғаны туралы хабарланды. Ұсталғандар үшін бұлтартпау шарасы әлі анықталған жоқ.

Украинаның құқықтық құжатына сай күдіктілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.