• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Көрме 13 Тамыз, 2024

Мәдени мұра – Прага төрінде

142 рет
көрсетілді

Прага музейінде Алма­ты қаласы мұра­жай­­лар бірлестігі кол­лек­циясының жәдігер­лері­нен ұсынылған «Уақыт керуені» атты көр­ме­­нің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Көрменің ашылу сал­танатына Ал­ма­ты және Прага қала­ларының, Чехияның мем­лекеттік, қоғамдық және мәдени топтарының, Пра­гада аккредиттелген дипло­ма­тиялық корпустың, сон­дай-ақ жергілікті БАҚ өкіл­дері қатысты. Іс-шараға қаты­су­шылар алдында Қазақстан Рес­публикасының Чех Респуб­ли­касындағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев, Алматы қаласы мәслихаты төрағасының мін­детін атқарушы Әсия Ақанова, Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова және Прага қа­ласы музейінің директоры Иво Мацек құттықтау сөз сөйледі.

Б.Дүйсенбаев өз сөзінде елдер мен халықтар ара­сын­дағы достық қатынас­тар­ды дамытудағы мәдени дип­лома­тияның маңыздылығын атап өтті. Алматы қаласы әкім­дігі мен мәслихатының, Прага қаласы мэриясының және Қазақстан Республикасы­ның Чехиядағы елшілігінің қол­дауы­ арқасында жүзеге ­асы­рылған бұл мәдени жо­ба­ екі ел халықтарын жақын­дас­­тыру жолындағы кезек­ті қа­дам болды. Сондай-ақ дип­ломат қонақтарды 8–13 қыр­күйекте Астанада өтетін V Дү­­ние­жүзілік көш­пелілер ­ойы­ндары туралы хабардар ете отыра, оларды көшпелі­лер­дің дәстүрлері мен мәде­ние­тін өз көзімен көру үшін осы ерекше іс-шараға қатысуға шақырды.

Бағдарламаның мәдени бө­лігінде «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетіп, танымал ха­лық әуендері мен белгілі қа­зақ композиторларының шы­ғар­малары орындалды. Сонымен қатар іс-шара қонақтарына дәстүрлі қазақ тағамдары – құрт, ірімшік, жент, қазы ұсынылды.

31 тамызға дейін жал­ғаса­тын көрмеде Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің қо­рынан 220-дан астам экспонат ұсынылған. Экспозицияның негізінде қазақ халқының өмі­рі мен тұрмысы, салт-дәстүрі, қолданбалы өнері туралы баян­дайтын этнографиялық артефактілер, қазақ халық музыкалық аспаптары, сондай-ақ Алматы қаласының тарихы мен қазіргі өмірі туралы баяндайтын фотосуреттер бар.

Осы көрме арқылы Прага тұрғындары, сондай-ақ Чехия астанасының қонақтары қазақ­тардың тарихына көз жібе­ріп, мәдениетімен, тұрмысы­мен таныса алады. «Уақыт керуе­ні» көрмесі – Қазақстан мен Чехия­ның мәдениетаралық диа­ло­гін жалғастырып, келу­ші­лерге дарқан қазақтың көш­пелі өркениетінің бай мұра­сын паш етері сөзсіз.