• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Тамыз, 2024

Өзбекстан Олимпиада жүлдегерлеріне қанша сыйақы табыстады

1037 рет
көрсетілді

Өзбекстан Париж Олимпиадасында 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 13 орынға табан тіреді. Бұл көрсеткішпен көрші ел Орталық Азияда көш бастады, деп жазады Egemen.kz.

11 тамыз күні Өзбекстан атлеттері еліне оралды. Жүлдегерлерді O‘zbekiston Vazirlar Mahkamasi (Өзбекстан министрлер кабинеті), федерациялар мен жанкүйерлер Ислом Каримов атындағы халықаралық әуежайда сән-салтанатпен күтіп алды. 

Көрші ел чемпиондары арнайы автобуспен Ташкент қаласын аралап, Өзбекстанның ұлттық олимпиадалық комитеті ғимараты алдында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. 

Мерекелік жиында елдің Бош вазири (Премьер-министр) Абдулла Арипов жеңімпаздарға мемлекет тарапынан берілетін сыйақы мен қомақты сыйлықтарды табыстады. 

Алтын медаль иегерлеріне: 

200 мың АҚШ доллары;  Tahoe автомобилі; 2 қабатты коттедж;

Күміс медаль иегерлеріне: 

100 мың АҚШ доллары;  BYD Song Plus EV Champion автомобилі;  Пәтер; 

Қола медаль иегерлеріне:

50 мың АҚШ доллары;  BYD Song Plus DM-i Champion автомобилі;  Пәтер.