• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Тамыз, 2024

Бектенов шенеуніктерге отандық өндірушілерді қолдауды міндеттеді

194 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әр әкім мен салалық министрлердің міндетін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады. Біз қашанда отандық өндірушіні қолдаймыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір салалық министрдің міндеті. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс. Импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет. Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-министр қазір көптеген елдер, тіпті экономикасы жоғары дамыған елдер де өздерінің ішкі нарығын қолдау және қорғау саясатын белсенді түрде жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы үш жыл ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың, квазимемлекеттік және мемлекеттік секторлардың сатып алуындағы қазақстандық тауарлар мен қызметтердің 60 пайыздық үлесін қамтамасыз етуді тапсырды. Олардың іскерлік белсенділігі отандық өндірісті дамытудың үлкен резерві», деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін, Үкімет басшысы ішкі нарықты қорғау үшін отандық тауар өндірушілердің тізімі жасалатынын мәлімдеген еді.