Алматыда Toyota Camry 70 көлігінің жүргізушісі Toyota Center ғимаратына соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, бұл жол-көлік оқиғасы 12 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Жетісу ауданында Сүйінбай даңғылында болған.
«Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмай, автосалонның терезесіне соғылған. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дилерлік мекеменің мәліметінше, апат салдарынан ғимараттың витраждары зақымдалған. Материалдар шешім шығару үшін сотқа берілген.
«Витраждар бүлінген кезде орталықтың жүкті қызметкері шошып кеткендіктен, жедел жәрдем шақырылды. Қызметкердің өмірі мен баланың денсаулығына қауіп төнген жоқ. Апат салдарынан келтірілген шығын көлемін сақтандыру компаниясы анықтайды», деп мәлімдеді дилерлік мекеменің өкілдері.