• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2024

Бұл − басқа Қазақстан: Маңғыстау облысының әкімі Президентке қандай сауал қойғанын айтты

168 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының жаңадан тағайындалған әкімі Нұрдәулет Қилыбай Massaget.kz тілшісіне сұхбат беріп, Мемлекет басшысымен кездесуі туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

- Президентпен қашан кездестіңіз? Араларыңызда қандай әңгіме болды? - деп сұрайды журналист.

Әкім тағайындалғаннан кейін үш күннен соң «Президенттің қабылдауында боласыз» деген хабар келгенін есіне алды.

- Мен үшін күтпеген жағдай, бұрын-соңды Президентпен көзбе-көз отырып сөйлесіп көрмеген, қабылдауында болмаған адаммын. Президенттің қабылдауында болдым. Әрине, Қасым-Жомарт Кемелұлының беретін тапсырмаларының барлығы - осы елдің өсуі-өркендеуі, тұрмыстық жағдайының жақсаруы. Әр саланы қозғады: медицина да бар, білім де бар. Маңғыстауда білім көрсеткіші жақсы болып тұрған жоқ. Инвестиция тарту, туризмді дамыту деген сияқты әртүрлі бағытта тапсырма берді. Мен ол кісіге қоштасардың алдында «Қасым-Жомарт Кемелұлы, рұқсат па, ішімде кетіп қалмасын, көкейімде тұрған бір сұрақ бар», дедім. «Айтыңыз» деді. Ашығын айттым. «Бұрын-соңды жоғары лауазымға қолы ұзындау, танысы бар кісілер тағайындалатын еді. Жаңаөзен деген жерде жүрген қазақтың қарапайым жігіті едім, бір күннің ішінде қалай болып кеткенін түсінбей қалдым» дедім. Ол кісі «сыртыңыздан зерттедік, сізді бір күннің ішінде тағайындап тастау немесе қолы ұзын кісілер туралы сұрағыңызға қысқаша жауабым: бұл − басқа Қазақстан» деді. Мен бұл сұрақты Президентке қойдым. Екі ауыз сөзбен «басқа Қазақстан» деп жауап берді, - деді Нұрдәулет Қилыбай.