• RUB:
    5.31
  • USD:
    479.03
  • EUR:
    523.39
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:25

Қызылордада екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

39 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының Шиелі ауданында екі көлік соқтығысты, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«13 тамызда Қызылорда облысының Шиелі ауданында екі жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды», делінген полиция хабарламасында.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.