• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Тамыз, 2024

Ұшақта шылым шеккен шетелдікке айыппұл салынды

142 рет
көрсетілді

Ұшақ бортында темекі шеккен ресейлік әйелге шамамен 184 мың теңге (50 АЕК) айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Инчхон – Астана» бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзған жолаушы әйелді анықтап, ұстаған.

«Тексеру барысында Ресей Федерациясының 49 жастағы азаматшасы әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені анықталды. Шетелдік әйел әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Көліктегі полиция департаменті қызметкерлерімен жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 351 азамат түсіргені белгілі болды. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 173, ұшақ бортында темекі шеккені үшін – 136, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 19 адам болған.