• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Тамыз, 2024

Қостанайда жүргізуші екі түйені қағып кетті

24 рет
көрсетілді

Қостанайда полиция қызметкерлері түйенің иесін анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анықталғандай,  оқиға 12 тамыз түнде Қостанай – Қарабұтақ автожолының 59-шақырымында болған.  GEELY автокөлігінің жүргізушісі қараусыз жайылып жүрген екі түйені қағып кеткен. Салдарынан түйелер өліп, жүргізушіге материалдық шығын келтірілген. 

Полицейлер түйе иесінің Б.Майлин ауданының Юбилейное ауылының 50 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Бұған дейін ер адам ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны белгілі болды.

Бұл жолы құқық бұзушылар әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жол ережелерін және жоғарыда аталған ережелерді бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оған шамамен 45 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол келтірілген залалды өтеуге міндеттеледі.