• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Тамыз, 2024

Бәсіре баланың болашағына әсер ете ме

374 рет
көрсетілді

Қазақ халқында балаларға қатысты салт-жоралғы жетерлік. Түбіне үңілсек салт-дәстүріміздің тектен-тек пайда болмағанына көз жетеді. Ел түсінігінде ырым-тыйым, салт-дәстүр адамды жамандықтан тыйып, жақсылыққа үндейді, бардың қадірін біліп, жоққа қанағат қылуға шақырады, еңбекке баулиды, ептілікке үйретеді. Сондай сыры терең салттың бірі - бәсіре атау, деп жазады Egemen.kz.

Ертеде өмірге келген ұл балаға төлдеген құлынды бәсіре атаған. Қызығы, бәсіреге берілген малды соймаған, сат­паған. Оның себебі халық түсінігіндегі бәсіренің бала болашағына әсері туралы ойда жатыр. 

Наным бойынша, баланың болашағы оның бәсіре тайымен тығыз байланысты. Сондықтан ондай тайды мінбейді, жекпейді, соймайды, сатпайды. Қайта баламен бірге бұла етіп өсіреді. Өзінің атаулы малымен бірге өскен бала еркін болып, кішкентайынан мал қадірін біліп, шаруаға икемделеді.

Салт-дәстүр жинақтарында бәсіре малға ен салынып, иесі үнемі қадағалап жүретіні баяндалады. Бәсіре малдың басына түскен ауыртпалығы (ауруы, ақсауы, тау-тастан құлауы) арқылы баланың ілгеріде бақытты, бақытсыз боларын жорамалдап ырым еткен деседі. 

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында тілшіміз Жәнібек Әлиман бәсіренің мәніне жан-жақты үңіледі. Оны түсіндіру жолында Келдібек биді кідіріп, Қазыбек би қырағы шешім айтқан тапқыр мысалды «Бәсіренің мәні неде?» мақаласынан толық оқи аласыз.