• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Тамыз, 2024

«16 тамызда жер сілкінісі болады». Желіде жалған ақпарат тарап жатыр

118 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде бүкіл планетаны қамтитын күшті жер сілкіністері туралы хабарламалар тарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты бұл қауесеттерге түсініктеме беріп, азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сейсмология институтының баспасөз қызметі халықаралық сейсмологиялық орталықтардың мәліметі бойынша 16 тамызда Қазақстан аумағында магнитудасы 5,5-тен асатын күшті жер сілкінісінің болжамы жоқ деп мәлімдеді. Барлық тіркелген сейсмикалық оқиғалар жедел түрде «112 KZ» Telegram-арнасы және seismology.kz сайты сияқты ресми ресурстарда жарияланады», делінген хабарламада.

Қазақстандық сейсмологтар ел азаматтарын үрейленбеуге және сенімді ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді тексеруге шақырды.

Сондай-ақ бұл қауесет ақпарат ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің мұрағатынан табылғаны анықталды.