• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жәдігер 15 Тамыз, 2024

Ділданың домбырасы

194 рет
көрсетілді

Домбыра – халқымыздың төл мұрасы, ғасырлар бойы қазақтың мұңы мен шерін тарқатып, көңілін жеңі­сіне шарықтатып, жеңілісінде демеген, арманын асқақ­татып, өрістеткен аспабы. Мысалы, қара өлеңде «Домбырам екі ішекті, бетің қақпақ, Өзіңе перне байлап ішек тақпақ, Басыңа үкі қадап желпілдетіп, Қызығы – күмбірлетіп қолмен қақпақ», деп сипаттайды.

Осы орайда айтпағымыз халқымыздың бұрын-соң­ды өмірден өткен тарихи тұл­ғаларына тән домбыра аспап­тары да баршылық. Дені елі­міздің әр деңгейлі музей­лерінде сақтаулы тұр. Соның бірі – Алматы қаласындағы Мем­лекеттік орталық музейде «КП 15294» ретімен сақтаулы тұрған Абай Құнан­бай­ұлының жары Ділда Ал­шын­­байқызының домбырасы.

Аспап туралы анық­та­ма­лықта: «Бұл аспап – 1882 жылы жасалған, қос ішекті, то­ғыз пер­­нелі қалақ домбыра. Мой­нының ұзындығы – 47,5 см, шанағы пішіндетіп ойылған, ұзындығы – 29 см, ені – 11 см. Шанағының пошымы алмұрт тәрізді. Бет қақ­пағы жалпақ, жұқа ағаштан жасалған. Дом­быраның сырты және мо­йынғақ пен қақпақ түйіскен сағақ тұсы мен қос қапталы сү­йектен жонып жа­салған қа­зақы өрнектермен көркем­дестірілген. Шанақтың сырт жағына үш жерден торкөзді сүйек өрнек салынған. Шанағы, өндіршек және пернесі ала­қаны­мен қо­сы­ла қа­зақы өрнек­тер­мен безендіріліп, ой­мыш­талған сүйек тілім­дерімен қап­­тал­ған. Шанақтың арт­қы жағына үш торкөз өр­нек салынған. Дом­бы­раның қос қапталы сүйек оюмен көр­кемделіп, қызыл түсті бар­қытпен қапталып, бет қақпағына сүйектен ойыл­ған сыңармүйіз өрнек бас­тырылған. Қақпағында дөң­гелек ойық бар» делініпті.

Мекеменің бас қор сақ­таушысы Үміт Әші­мованың айтуынша, бұл домбыраны музей қорына Абайдың інісі Ысқақтың не­мересі Сайда Әрхам­қызы 1978 жылы тап­сыр­ған. Бұл жәдігер қазір Мем­лекеттік орталық музей­дің Тарих және этнография залын­да орналасқан құнды экспонаттардың бірі көрінеді.

«Музей қорында ұлы ақын Абай атамызға қатысты бұ­дан басқа да жәдігерлер бар­шылық. Атап айтар болсақ, ол кісінің аңшылықта ұстаған балдағы, тоғызқұмалағы, бір­қанша қолжазбалары бар», дейді Үміт Әлиақпарқызы.