• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2024

Елдегі коронавирус бойынша ахуал бақылауда - министрлік

128 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,  коронавирус инфекциясына мониторинг жүргізу 2022 жылдан бері ЖРВИ және тұмау бойынша қолданыстағы эпидқадағалау жүйесіне енгізілген.

«Мониторинг қазіргі таңда елде респираторлы вирустар, соның ішінде КВИ айналымы да байқалатынын көрсетті. Осы жылдың басынан бері КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ», делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл ретте ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендер жоқ. Бұл КВИ бойынша дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатқанының белгісі.

«Сонымен секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100 пайыз жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқалары айналыста жүр», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бас санитарлық дәрігердің міндетін атқарушы тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы қаулыға қол қойған. Онда медициналық ұйымдар бетперделер мен антисептиктерді қолдануы керектігі және белгілері бар науқастарды қабылдау үшін кіре берісте сүзгілер болуы керектігі айтылған.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың алты айында Қазақстанда пневмонияның 49 704 жағдайы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға көп.