• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Тамыз, 2024

Қазақстанда айлық инфляция 0,7%-ға өсті

107 рет
көрсетілді

Елде жылдық инфляция шілдеде қарқын алып, 8,6% болды. Жылдық инфляцияның екпіні 14 өңірде тіркелді, 4 өңірде баяуласа, 2 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда шілде айында  азық-түлік тауарларының бағасы 5,5%-ға дейін жеделдеді (маусымда – 5,4%). Осы топтағы тауарлар бағасының максимал өсімі Алматы қаласында (8,1%), ал аз өсім Түркістан облысында (3,0%) байқалған.

Айта кетейік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,3%-ға дейін баяулаған (маусымда – 7,4%). Максимал мән – Маңғыстау облысында (13,6%), минимал мән – Алматы облысында (5,1%) тіркелген.

Сонымен қатар шілдеде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 14,5%-ға дейін жеделдеген (маусымда – 13,8%). Сондай-ақ Павлодар облысында (18,8%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (10,2%) айтарлықтай төмендеген.

Шілдеде ел бойынша айлық инфляция 0,7%-ға өсті, бұл – тарихи орташа мәннен төмен (2017-2021 жылдардағы шілдеде – 0,3%).